Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялайды

Күні: 11:28, 09-04-2019.

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялайды, деп хабарлады мемлекет басшысының бапсасөз қызметінен.
«9 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялайды», - деп хабарлады Акордадан сейсенбі күні.
Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады. Кездесу барысында қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысы қызметіндегі өз өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті президент сайлауына дейін мемлекетті сенаттың экс-спикері Тоқаев басқаратын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: