Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ҚР Кәсіби одақ күнімен құттықтады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Құрметті кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері! Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіби одақтары күнімен құттықтаймын!» - деп келтірген Ақорда бейсенбі күні Тоқаевтың құттықтауын.
Президент атап өткендей, қазіргі Кәсіби одақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.
«Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жүгерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз отандастарыңыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, біздің еліміздің кәсіподақтары еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетілетін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға ықпал етуде.
«Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін. Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!» - деді Тоқаев.
Еске салсақ, 24 мамырда ҚР Кәсіби одақ күні Қазақстанның мереке күндері тізіміне ресми түрде енгізілгені белгілі болды. Ол 10 қазанға белгіленген.
Тоқаев қазақстандықтарды ҚР кәсіподақ күнімен құттықтады
