Тоқаев Қазақстанның атауын өзгертудің еш мәні жоқ деп санайды

Күні: 12:47, 31-01-2019.

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атауын бұрынырақта мәжіліс депутаттарының бірі ұсынған атауға өзгертудің мәні жоқ деп санайды.
«Атауы «Қазақстан Республикасы» болып қалуы керек, көптеген халықаралық шарттарға біздің президентіміз Қазақстан Республикасының атынан қол қойды, мемлекеттің атауын өзгертудің еш мәні де, еш негіз де жоқ. Бізде басқа да проблема жетіп жатыр», - деді Қ-Ж.Тоқаев бейсенбі күні парламент кулуарында журналистерге.
Бұған дейін «Ақ жол» фракциясының мәжіліс депутаты Азат Перуашев үкіметке Қазақстанды ресми түрде Қазақ Республикасы деп атауды ұсынған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: