Астана. 6 қазан. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дипломатиялық корпусында бірқатар ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
- Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды;
- Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды;
- Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
- Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін Қайрат Омаровтың Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08