Тоқаев қазақ тілін еркін меңгергендігі бойынша емтихан тапсырды

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді еркін меңгергендігіне емтихан тапсырды, еп хабарлад Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) баспасөз қызметінен.
«Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады», - деп хабарлады сейсенбде ОСК-нен.
Хабарда атап өтілгендей, лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтті: тақырып бойынша жазбаша тапсырма жазу, мәтін оқу және лингвистикалық комиссия берген тақырыпқа көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу. Емтихан тапсырылғаннан кейін лингвистикалық комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады..
«Жазбаша жұмыстың тақырыбы «Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері» болды. Жазбаша жұмысының мазмұнында Абай шығармалары мен еңбектерін терең білетіні байқалды. Жазбаша жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Жазбаша жұмыстың тақырыбы толығымен ашылған», - деді Орталық сайлау комиссиясынан.
Екінші тапсырма бойынша үміткер жазушы Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» кітабынан үзіндіні эмоционалды түрде, мәнерлеп, дауыстап оқып шықты.
«Үшінші тапсырма бойынша Президентке үміткер «Қазіргі Қазақстанның геосаясаты» тақырыбы бойынша өз ойын 15 минутта ауызша айтып берді. Ойын қазақша еркін жеткізді, сөйлем құрауы дұрыс», - делінген хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, Тоқаев президент сайлауына Nur Otan партиясынан үміткер ретінде ұсынылды. Сондай-ақ, қазіргі президенті Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына түсіндірме беру туралы өтініш жасаған. Өтініште Республика Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талабының мазмұнын ашуды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және Республика мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда жұмысы кезеңінде азаматтың елден тыс жерде тұрған уақытын аталған мерзімге есептеу мәселесін түсіндіруді сұраған. Сонымен қатар Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттарын қабылдады.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.

adimage