Тоқаев азық-түлік бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (ҚРҚА) төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

"Қасым - Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есепті тыңдады", - делінген хабарламада.

Президентке Қазақстандағы биржалық сауданың дамуы, құрылыс материалдары, тұрғын үй, жанар-жағармай материалдары нарығындағы баға жағдайы, сондай-ақ кірме жолдар нарығындағы жағдайдың тұрақтануы туралы ақпарат ұсынылды.

Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін талдау жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндады және Т3,5 млрд сомасына күтілетін экономикалық нәтижемен жұмыс істеп тұрған құрылымдарды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев фармацевтика нарықтарындағы, автожолдар құрылысындағы, денсаулық сақтаудағы монополияға қарсы ден қою шараларымен танысты. Бейінді ведомствоның басшысы ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп бәсекелестікті дамытуды шектеуді жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мен заң жобасын әзірлеу барысы туралы айтып берді.

Президент азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын төмендету бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі азық-түлік өндірісін ұлғайту, отандық тауар өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету қажет деп санайды.

adimage