Тоқаев Бангладеш президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппуды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Қазақстан Президенті жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

«Мемлекет басшысы Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі»,- деп қосты Ақорда.

Фото көзі: Пресс-служба Акорды.


adimage