Тоқаев «Байқоңыр» кешенінде өзінің арнайы өкілін тағайындады

Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» кешенінде өзінің арнайы өкілін тағайындады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сүлейменов 2020 жылдың сәуірінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, оған дейін 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарды, ал оның алдында 2015 жылдың қазанынан 2019 жылдың сәуіріне дейін құрылыс, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ТЖ және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

adimage