Астана. 22 қазан. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруымен Түркіменстанға барады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруымен 24-25 қазанда Түркіменстанға мемлекеттік сапармен барады", - деді Уәли жұма күні.
Ол сапар барысында Мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген форматтағы келіссөздері жоспарланғанын атап өтті.
"Сауда-экономикалық, транзиттік-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін тереңдету перспективаларын қарастыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтеді. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде", - деді Уәли.