Тоқаев ел азаматтарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Барша қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке», - деп жазған Тоқаев дүйсенбі күні Twitter парақшасында.
Ол еске салғандай, «еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы».

adimage