Астана. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын жетілдірумен айналысуды тапсырды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту шараларын жүзеге асыру мәселелері туралы баяндама жасады», - делінген хабарда.
Қауіпсіздік Кеңесі мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға байланысты ұсынылған тәсілдер және армияны заманауи қарумен, әскери техникамен, соның ішінде отандық қорғаныс кешені кәсіпорындары шығарған өнімдермен жарақтандыру бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Жиын соңында Президент – Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын жетілдіру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.
Соңғы рет Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы Ақордада 27 тамызда өткен еді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістан облысында бір елді мекеннің ауыз су жүйелеріне Т972 млн жұмсамақ
2 Қазан 2024, 16:28 -
«ҚазҰҚызПУ» моноблоктарды Т800 млн сатып алмақшы
2 Қазан 2024, 15:19 -
Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушыларды марапаттады
2 Қазан 2024, 14:49