Тоқаев Финляндияның президентің Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады»,- делінген хабарламада.

Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.

Фото көзі: Пресс-служба Акорды


adimage