Тоқаев Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады

Астана. 1 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдап, жаңа қызметімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті», - делінген хабарда.

Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды.

Президент аталған сапар Астана мен Париж арасындағы байланыстардың келешегін айқындап, қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.

adimage