Тоқаев Иранның жаңа президентімен телефон арқылы сөйлесті

Астана. 22 шілде. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

«Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты», - деп хабарлады Ақорда.

adimage