Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары мен ҰЭМ жауапты хатшысын тағайындады

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары мен ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысын тағайындады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне; Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», - делінген жұмадағы Ақорда хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, президент өкімдерімен Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен;Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Еске салсақ, Махамбет Абисатов ҚР ішкі істер вице-министрі болып 2019 жылдың сәуірінде тағайындалды, ал Нұрлан Алдаберген 2019 жылдың наурызынан бастап ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болған еді.

adimage