Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк-Жайлау» Тау-шаңғы курортының (ТШК) жобасы туралы айта келе, мұндай мәселеде асықпау керектігін айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматы әкімі Бауыржан Байбек талдаушылардың пікіріне баға беру және азаматтардың пікірін зерттеу үшін «Көк-Жайлау» тау-шаңғы курортының құрылысын кейінге қалдыруды ұсынды. Мен бұл шешімді қолдаймын, өзім осы ұсынысты жасаған болатынмын. Мұндай маңызды мәселеде асығуға болмайды», - деп жазды Тоқаев дүйсенбі күні өзінің Twitter парақшасында.
Бұған дейін хабарлағандай, Алматы қоғамдық кеңесінің отырысы барысында Байбек «Көк-Жайлау»ТШК құрылысын кейінге қалдыруды ұсынды. Оның айтуынша, экономиканың, әлеумет пен экологияның балансын сақтау керек, «яғни қоршаған ортаға барынша аз зардабын келтіре отырып, заманауи курорттар салуға болады». ол «қала билігіне асықпау керек» деген пікірін білдірді. Байбектің ақпарынша, «барлық сараптамалық пікір мен жаңа локациялардың болашағын қарастыру керек». Қоғамдық кеңес мүшелері әкімнің ұсынысын қолдады.
Еске салсақ, биліктің «Көк-Жайлау» жобасын жүзеге асыру жоспары үнемі сынға ілініп келеді. Жобаның қарсыластары өңірдің экожүйесіне келтірілуі мүмкін зиян мен Алматының экологиялық жағдайының нашарлауы мүмкін екендігіне алаңдаулы. Қала билігі жоба қарсыластарымен диалог құруға ықылассыз. Мәселен, 20 ақпанда Алматы әкімі Б.Байбекпен есепті кездесуге келген «Көк-Жайлауды қорғайық» қозғалысының азаматтық белсенділерін полиция ұстап алды. Liberty қоғамдық қорының басшысы Ғалым Агелеуов хабарлағандай, полиция есепті кездесуге келген Андрей мен Алиса Бузыкиндерді ұстап алған, ал 19 ақпанда кешқұрым полиция әкіммен кездесуе келмеңіздер деген талаппен Дильнар Инсенова мен Сахиба Жанабаеваның үйлеріне келген. Кейін Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі есепті кездесудің өтуіне кедергі келтірмек болды-мыс деген себеппен белсенділердің ұсталғандығы туралы ақпар таратты.
3 сәуірде тендерлік комиссияның Іле-Алатау ұлттық саябағындағы бес учаскенің жағдайы шешілетінін хабарлаған еді, оның төртеуін «Көк-Жайлау» тау саябағының құрылысына бөлмек. Әңгіме 134,5 алаңды құрайтын аумақ туралы.
Тоқаев «Көк-Жайлау» жобасы туралы: Мұндай маңызды мәселеде асықпау керек
