Астана.8 маусым.ҚазТАГ- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметін 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап атқарып келеді.
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты
