Тоқаев кеше Ақордада БҚО әкімін қабылдады

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңызды екенін айтты.
«Кездесу барысында шалғай аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне баса мән берілді. Президент Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді», - деді Ақордадан.

adimage