Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальмамен кездесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«ҚР Судьяларының IX съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IACA) президенті Луис Пальмамен кездесті», - делінген хабарда.
Жүздесуде Қазақстандағы сот реформасының өзекті мәселелері талқыланды. Президент елімізде сот әкімшілігінің жаңа жүйесі құрылғаннан кейін соттардың дербестігі нығая түскенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Луис Пальма сот органдары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың, сот төрелігі жүйесін жаңғырту саласында тәжірибе алмасудың және сот өндірісін цифрландырудың маңызды екеніне назар аударды.
Мемлекет басшысы Қазақстан Сот әкімшілігінің IACA-мен өзара ықпалдастығы аталған саланы жаңа деңгейге көтеріп, сапасын арттыра түсетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Луис Пальма Қазақстанның сот жүйесін басқару сегментіндегі жаңа өзгерістерді жоғары бағалап, Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының басқа мүшелері біздің еліміздің тәжірибесін зерделеуі қажет екенін айтты.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда Қазақстан Журналистер одағының есептік съезі өтті
1 Қараша 2024, 17:47 -
Тоқаев Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады
1 Қараша 2024, 17:28 -
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде жаңбыр және қар жауады деп болжануда
1 Қараша 2024, 16:55 -
Жайық өзенін балықтандыруға Т715 млн жуық жұмсамақ
1 Қараша 2024, 16:07