Тоқаев үкіметтің отставкаға кетуі туралы: Қазақстандағы жағдай жаңа шындыққа аяқ басты

Күні: 18:26, 22-02-2019.

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі уақытында жасалды, деп санайды сенат спикері Қасым-Жомарт Токаев.
«Президенттің үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімі уақытында жасалды. Қазақстандағы жағдай жаңа шындыққа аяқ басты, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудің жаңа беталысы да осыны талап етті», - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұл ретте ол мәлімдегендей, үкіметтің отставкаға кетуіне байланысты сенат жұмысына түзетулер енгізіледі.
Еске салсақ, 21 ақпанда Н. Назарбаев министрлер кабинетін отставкаға жіберетінін мәлімдеді.
«Жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған. Оның үстіне Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді», - деп түсіндірді министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімін Н.Назарбаев.
Премьер-министрдің муа болып Асқар Мамин тағайындалды.
Бұған дейін ҚазТАГ ХАА президент Н.Назарбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімін қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс негізінде қабылдағанын атап өткен болатын.
Министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешім жасалғаннан кейін үкіметтің кезектен тыс отырысы өтті. Отырыс барысында Б.Сағынтаев министрлер кабинетінің бұрынғы мүшелеріне алғыс білдіріп, мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің орындалуы бойынша тыңғылықты жұмыс атқарылғанын атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: