Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді

Астана. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Дубайға барды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды», - делінген жұмадағы хабарда.
Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
«Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді», - деп хабарлады Ақорда.

adimage