Астана.3 қазан.ҚазТАГ- Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлан Байжановты Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
2022 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған. Оған дейін, 2021-02.2022 жылдары "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ тәуелсіз директоры болып жұмыс атқарған.
Тоқаев Ұлан Байжановты Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатты
