Тоқаев Латвиядағы ҚР елшісін ауыстырды

Астана. 1 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Латвиядағы ҚР елшісін ауыстырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген жұмадағы Ақорда хабарында.
Хабарда көрсетілгендей, «мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды».
Еске салсақ, Виктор Темірбаев 2019 жылдың ақпанынан бастап қоса атқару бойныша Латвиядағы ҚР елшісі қызметін атқарған.

adimage