Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Леңгірдегі апатты үй тұрғындарының мәселесін жылдам шешуді тапсырды.
«Премьер-министр мен Түркістан облысының әкіміне тез арада Леңгірдегі көпқабатты үй тұрғындарының қиын жағдайын шешуді тапсырдым», - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-аккаунтында.
Бұған дейін БАҚ хабарлағандай, осы үй тұрғындары жертөлеге қатысты бірнеше мәрте шағымданған. Оған үнемі қалдықтар толып қала береді екен.
Тоқаев Леңгірдегі апатты үй тұрғындарының мәселесін шешуді тапсырды
