Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформаларын талдау және мониторинг орталығын құруды тапсырды

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Динара Халдарова. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформаларын талдау және мониторинг орталығын құруды тапсырды.
«Президент әкімшілігі жанында әлеуметтік-экономикалық реформаларын талдау және мониторинг орталығын құруды тапсырамын. Орталық қоғамдық негіздерде жұмыс жасайды, оның құрамына ПӘ қызметкерлерінен басқа ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері кіреді», - деді Тоқаев жұма күні кеңейтілген отырыста.

adimage