Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

   Астана.30 наурыз.ҚазТАГ- Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  «Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
Одан бұрын, "Аманат" партиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Смайыловты премьер-министр қызметіне тағайындауды ұсынған болатын.
  Смайылов алғаш рет үкіметті, алдымен уақытша қызметін атқару мәртебесінде басқарды, содан кейін 2022 жылдың қаңтарында премьер-министр болды. Ал бұған дейін 2021 жылдың қаңтарынан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Қаржы министрі (кейін бір мезгілде премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған).

adimage