Тоқаев Мәскеуде белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

Күні: 17:14, 04-04-2019.

Астана. 4 сәуір. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгер бейітінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті. Рәсім соңында Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының сап түзеп өткен салтанатты маршын көрді», - деп хабарлады бейсенбіде Ақордадан.
Александр бағындағы Мәскеу Кремлінің қабырғасын бойлай орналасқан «Белгісіз жауынгер бейіті» Мемориалдық сәулет кешені Мәскеу үшін соғысқан жауынгерлердің құрметіне 1967 жылы салынды. Кешенге Ресей мәдени мұрасының нысаны, сондай-ақ, Жалпыұлттық әскери даңқ мемориалы мәртебесі берілген.


Жаңалықтармен бөлісу: