Тоқаев Мәскеуге сапары туралы: жемісті деп баға беремін

Күні: 11:18, 04-04-2019.

Астана. 4 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге алғашқы шетелдік сапарына баға берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«РФ президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізді. Қазақстандық-ресейлік жан-жақты өзара қарым-қатынастың жақын болашағы мен қазіргі заманғы жағдайын талқыладық, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселесі бойынша пікір алмастық. (…) Кездесулер қорытындысы бойынша нақты келіссөздерге қол жеткіздік. Мәскеуге сапарымды табысты деп бағалаймын», - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.
Бұған дейін хабарлағандай, сапар қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бірлескен мәлімдемесі. Ресей-Қазақстан өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі келісім. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы Кәсіпорындардың ғылыми-техникалық кооперациясы саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Ресей Федерациясы Президенті В.В.Путиннің шақыруымен 2019 жылғы 3-4 сәуірде Ресей Федерациясына сапармен барды. Бұл Тоқаевтың 20 наурыз күні президент лауазымына кіріскеннен кейінгі шетелге алғашқы ресми сапары.
19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысы қызметіндегі өз өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті президент сайлауына дейін мемлекетті сенаттың экс-спикері Тоқаев басқаратын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: