Тоқаев Маминге үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады дүйсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. (…)Қазақстан Президенті Премьер-Министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды», - делінген дүйсенбідегі Ақорда хабарында.
Мемлекет басшысының айтуынша, «бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт».
Сондай-ақ, мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.
«Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді», - делінген хабарда.

adimage