Тоқаев мемқызмет мәселесі жөніндегі түзетулерге қол қойды

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Түзетулер мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қашықтан жұмыс істеу мен мемқызметтегі икемді кестені реттеу жөніндегі өкілеттіктерді беруді және басқа да жаңалықтарды енгізуді қарастырады.

adimage