Тоқаев мемлекеттік күзет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кадрлық өзгерістер жасады

Астана. 26 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.
Аюбаев 2014 жылдан бері мемкүзет қызметі бастығының орынбасары – нысандарды қорғау қызметінің бастығы болған.
«Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне; Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», - деді Ақордадан.
Бектенов 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың муасымына дейін мемлекеттік қызмет істері және сыбалйлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі төрағасының орынбасары, Қабдула 2018 жылдың шілдесінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро басшысының орынбасары болған. Шабдар да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода басшылық қызметте болған.

adimage