Тоқаев Могериниді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Күні: 18:27, 02-07-2019.

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның вице-президенті – Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Мария Могериниді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Еуропалық комиссияның вице-президенті – Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Мария Могерини І дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын», - делінген сейсенбідегі Тоқаевтың жарлығында.
Могерини – италиялық саясаткер, Италияның сыртқы істер министрі болған, 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап европалық дипломатия басшысы болып табылады.


Жаңалықтармен бөлісу: