Тоқаев Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте карантинді 30 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте карантинді 30 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды, деп хабарлады Қазақстандағы коронавирус жағдайына арналған ресми ресурста.
«15 сәуірде менің төтенше жағдай туралы жарлығымның мерзімі аяқталады. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Сондықтан елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда карантинді сәуір айының аяғына дейін ұзартуды тапсырамын. Түсінемін, бұл оңай шешім емес, халық сыртқа шыққысы келеді, қалыпты үйреншікті өмірлеріне оралғылары келеді. Бірақ басқа жол жоқ, карантинді сақтау керек, оқшаулануды сақтау керек», - деді Тоқаев жұма күні өткен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 802 жағдайы тіркеліп, 63-і жазылып, тоғыз адам көз жұмған еді.

adimage