Тоқаев Нұр-Сұлтанда Оңтүстік Корея Президенті мен Венгрияның Премьер-Министрімен келіссөздер жүргізеді

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Оңтүстік Корея Президенті Мун Джеймен және Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді», - делінген Ақорданың жұма күнгі хабарында.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.
Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

adimage