Тоқаев Нұр-Сұлтандағы травмотология және ортопедия ҒЗИ қайта құрылысы мәселесін шешуді тапсырды (толық)

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ - Тоқаев Нұр-Сұлтандағы травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының (ТОҒЗИ) қайта құрылысы мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Елордалық травмотология және ортопедия ҒЗИ бардым. (…) Үкіметке клиниканың қайта құрылысы, жаңа ғимарат құрылысы мәселесін шешуді тапсырдым», - деді Тоқаев сейсенбі күні.
Ол травмотология және ортопедия ҒЗИ-де «адамдар денсаулығын қорғау, жаңа технологияны енгізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде» екенін атап өтті.
«Алайда ескірген ғимарат уақыт талабына сай келмейді»,- деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің ақпарынша, ғылыми-зерттеу институты жанынан қосымша 23,2 мың шаршы метрлік медициналық корпусы салынбақ.
«2021 жылы бұл жерде жаңа ғимарат бой көтереді. Тиісті қаражат бөлінеді. Құрылыс жұмыстарына 26 миллиард теңге қажет», - деп келтіреді Ақорда Тоқаевтың сөзін.
Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты – медицинаның аталған саласы бойынша озық технологияларды әзірлеумен, жетілдірумен және енгізумен айналысатын Қазақстандағы бірден-бір ғылыми-клиникалық және білім беру орталығы. Мұнда күн сайын 50-ден астам, ал бір жылда 8 мыңнан аса ота жасалады. Бүгінде медициналық орталықта 385 емделушіге арналған 14 клиникалық бөлімше жұмыс істейді. Осы бөлімшелердің негізінде буындарға эндопротез жасау, артроскопия және спорттық жарақаттарды емдеу, омыртқа патологиясын түзету сияқты 3 республикалық орталық ашылған.

adimage