Тоқаев Назарбаевтың жиені – Самат Әбішті ресми түрде ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатты

Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені – Самат Әбішті ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен ресми түрде босатты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген дүйсенбідегі Ақорда хабарында.
Әбіш 2015 жылдың желтоқсанынан бері ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған еді.

adimage