«Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады»,- делінген хабарламада.
Ғани Бейсембаев:
• Мемлекет басшысына еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.
- өткен жылы 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылғанын баяндады. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен.
- Жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
- Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған.
- Оқу-ағарту министрі тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала беретінін айтты. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынды.
• Мемлекет басшысына орта білім сапасын арттыру туралы айтылды:
- Мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген.
- Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған.
- Президентке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобалар таныстырылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Фото көзі: пресс-служба Акорды