Тоқаев қолма-қол шетел валютасы мен қазақстандық алтын құймаларын Қазақстаннан шығаруға тыйым салған құжатты күшін жойып, өзгерістер енгізді

    Астана.1 наурыз.ҚазТАГ- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолма-қол шетел валютасы мен қазақстандық алтын құймаларын Қазақстаннан шығаруға тыйым салған құжатты күшін жойып, өзгерістер енгізді, деп хабарлайды агенеттік тілшісі.
   «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-бөлімнің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм тазартылған алтынның алтын құймалары Қазақстан Республикасы, сондай-ақ тазартылған алтын 100 грамнан астам»; 1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) Екінші деңгейдегі банктердің осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілмеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қолма-қол ұлттық валютасын әкетуі», – делінген Тоқаевтың жарлығында.
   Яғни президент Қазақстаннан Altyn Barys алтыны мен Kúmis Barys күмісі түріндегі инвестициялық монеталарды әкету туралы тыйымның күшін жойды. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктерге Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттердің ұлттық валютасын қолма-қол әкетуіне рұқсат берді.

adimage