Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылын ауыз сумен қамту мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне шұғыл түрде Қосшы ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесін шешуді тапсырдым. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жүйелі инфрақұрылымдық проблема», - деп жазды Тоқаев сәрсенбі күні өзінің Twitter парақшасында.
Бұған дейін белгілі болғандай, Астана түбінде орналасқан Қосшы ауылының тұрғындары кезекті рет ауыз сусыз қалған. Бұл ретте оған себеп су тасқыны жағдайы деп аталды. Қосшы ауылында ауыз сумен қамтудағы қиындықтар көп жыл бойына созылып келеді. «Лесная поляна» көлемді тұрғын үй массиві кіретін елдімекенде 25 мыңнан астам адам тұрып жатыр.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34