Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Әулие ана соборында шыққан өртке байланысты француздарға шынайы көңілін білдірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әлемдік және француз мәдениетінің бірегей ескерткіші, Париждегі Әулие ана соборында болған жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына шынайы көңіл білдіремін», - деп жазған Тоқаев сейсенбіде өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, әлемдік сәулет ескерткіштерінің бірі Париждегі Әулие ана собрындағы өрт 15 сәуірде Астана уақытымен шамамен 22.50-д басталып, түн ортасында бірнеше жүздеген өрт сөндірушілердің күшімен сөндірілген. Өрт салдарынан төбесі мен шатырының басым бөлігі қираған. Өрттің алдын-ала себебі – жөндеу жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасының сақталмауы.
Франция президенті Эманнюэль Макрон Париждегі Әулие ана соборын қапына келтіруге уәде берген.
Париждегі Әулие ана соборының 1163 жылы негізі қаланып, 1345 жылы толық салынып біткен. Жыл сайын миллиондаған турист Францияға келгенде ескі католик шіркеуін өз көздерімен тамашалауға келетін болған.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26