Тоқаев партия өкілдерімен күн тәртібіндегі қоғамдық-саяси өзекті мәселелерді талқылады

Күні: 11:23, 09-04-2019.

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия өкілдерімен күн тәртібіндегі қоғамдық-саяси өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады. Кездесу барысында қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды», - деп хабарлады сейсенбіде Ақордадан.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысы қызметіндегі өз өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті президент сайлауына дейін мемлекетті сенаттың экс-спикері Тоқаев басқаратын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: