Тоқаев Павлодар облысының бірқатар тұрғынын мемлекеттік наградалармен наградтады

Павлодар. 5 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының бірқатар тұрғынын мемлекеттік наградалармен наградтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
Елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін мемлекет басшысының жарлығымен келесі азаматтар наградталды:
«Парасат» орденімен
Баталов Леонид Иванович – «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК директорының кеңесшісі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы;

«Құрмет» орденімен
Мақажанов Азамат Шұғаұлы – «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КМҚК оқытушысы – жаттықтырушысы, Павлодар қаласы
Оспанова Айман Қайыркенқызы – «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК перинаталдық орталығының бас дәрігері;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Хусаинов Еркеблан Хаджи-Мұратұлы – «Қазақстан алюминийі» АҚ учаске бастығы, Павлодар қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Аманбаев Болат Советұлы – «Қазақстан» РТРК» АҚ меншікті тілшісі, Павлодар қаласы.

adimage