Астана. 24 наурыз. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен аль-Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Тоқаев пен Иордания королі Рамазан айының басталуымен бір-бірін құттықтады
