Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды

Астана. 16 қыркүйек. ҚазТАГ- Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті»,- делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті мен Германия Федералдық канцлері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Фото көзі: пресс-служба Акорды


adimage