Тоқаев пен Жээнбеков Бішкекте Шыңғыс Айтматовтың музей-үйінде болды

Алматы. 28 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков Бішкекте Шыңғыс Айтматовтың музей-үйінде болды, деп хабарлады Қыргыз телеграф агенттігінен (ҚырТАГ).
«Жээнбеков пен Тоқаев Бішкектегі Шыңғыс Айтматовтың музей-үйінде болды. (…) Мемлекет басшылары Айтматовтың жақындарымен әңгімелесіп, музей-үйді аралап, ондағы экспонаттарды тамашалады. Шыңғыс Айтматовтың ұлы – Эльдар Айтматов презиенттерге музей туралы, әкесінің өмір жолы мен шығармашылығы туралы әңгімеледі, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа картина сыйлады», - деп хабарлады сәрсенбіде ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
Экскурсия соңында Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабында естелік жазба қалдырды.
«Қырғызстан мен Қазақстан басшылары Айтматовтың отбасымен естелік суретке түсті», - делінген хабарда.
Ақорда баспасөз қызметінің ақпарынша, Тоқаевқа Бішкекте Шыңғыс Айтматовтың мәдени орталығын ашу жоспары айтылған.
Еске салсақ, 27 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапарымен барған болатын.

adimage