Тоқаев президент сайлауына Nur Otan партиясынан үміткер ретінде ұсынылды

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауына Nur Otan партиясынан үміткер ретінде ұсынылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ортақ қызметіміз бойынша көп жыл оны (Тоқаевты-ҚазТАГ) білгендіктен бүгінгі таңда елдегі ең жоғары қызметке ең лайықты үміткер деп санаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әр түрлі отандық учаскелерде менімен бірге жұмыс жасап келеді. Ол менімен бірге СІМ басқара отырып, ҚР сыртқы саясатын қалыптастырып бастағандардың бірі болатын. (…) Барлық қазақстандықты алдағы сайлауда оны қолдауға шақырамын», - деді Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбіде Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.

adimage