Тоқаев президент жарлығымен ұлттық университеттердің ректорларын тағайындау процедурасының күшін жойды

Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жарлығымен ұлттық университеттердің ректорларын тағайындау рәсімінің күшін жойды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке үкімет қаулысымен конкурстық негізде ұлттық университет ректорларын тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырдым. Осындай ректорларды дайындаудың қазіргі процедурасы президент жарлығымен күшін жояды», - деп хабарлады Тоқаев сәрсенбіде.
Тиісті постты президент өзінің Twitter парақшасында жариялаған.

adimage