Тоқаев Путинді 2020 жылы Қазақстанға ресми сапармен шақырды

Астана. 31 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді елімізге ресми сапармен шақырды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты. Сонымен қатар Президенттер бірін-бірі Жаңа жылмен құттықтады.

adimage