Тоқаев ҚР азаматтары мен бизнеске шұғыл түрде қаржылық қолдау көрсетудің маңыздылығын мәлімдеді

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында бейсенбі күні ҚР азаматтары мен бизнеске шұғыл түрде қаржылық қолдау көрсетудің маңыздылығын мәлімдеді.
«Атқарушы билік өкілдері қиын жағдайға тап болған азаматтарға айлық еңбекақы көлемінде (АЕК) ай сайын көмек төлеу түрінде азаматтар мен бизнесті қолдау бойынша қаржылай шаралар пакетін шұғыл түрде жүзеге асырулары керек. Азаматтардың сұрақтарына жылдам әрі нақты жауап беру керек», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 428 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 19 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 120 жағдайы тіркелді. 25 наурызда екі қазақстандықтың коронавирутан жазылып шыққаны хабарланған еді. Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды.

adimage