Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа ҚР тауар өндірушілерінің экспорттық мүмкіндіктерін қолдауды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
«Бақыт Сұлтанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік жұмысының нәтижелері жайында, сондай-ақ, сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері мен перспективасы туралы баяндады. Мемлекет басшысы министрге сауда саласының сыртқы нарықтарға шығуын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президенттің пікірінше, отандық тауар өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін қолдау, сондай-ақ, техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі арқылы ішкі нарықты сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі», - делінген жұмадағы хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады деп күтілуде25 Сәуiр 2024, 08:30
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке өсіп, Т443,77 болды24 Сәуiр 2024, 17:50
-
Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Астанаға келді24 Сәуiр 2024, 17:45
-
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі24 Сәуiр 2024, 17:22